20 қазан 2026


«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН»: «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ «МАГУ» ЖШС КӘСІПОРНЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

            Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының студенттері арнайы пән оқытушыларымен бірге кәсіби тәжірибе жинақтау мақсатында «МаГу» ЖШС-не экскурсия жасады.
«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында ұйымдастырылған сапардың басты мақсаты – теориялық білімді нақты бизнес-процестермен ұштастыру және студенттерді болашақ мамандығының практикалық қырларымен таныстыру.
Кәсіпорын жетекшісі Сағындықова Бақтыгүл Бакуевна экскурсияны өзі жүргізіп, студенттерге ұйым қызметінің ерекшеліктері туралы жан-жақты баяндады. Студенттер сауда кәсіпорнындағы бухгалтерлік есептің жүргізілуін нақты мысалдар арқылы көріп, келесі бағыттармен танысты:
• тауар қозғалысы мен логистикалық тізбектерді бақылау;
• сауда саласындағы бастапқы құжаттарды рәсімдеу ерекшеліктері;
• есепті автоматтандыруға арналған заманауи бағдарламалармен жұмыс істеу.
Бақтыгүл Бакуевна өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, болашақ бухгалтерлер мен аудиторлардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында жас мамандарға қойылатын талаптар мен кәсіби құзыреттер туралы айтып өтті.
«МаГу» ЖШС басшылығына жылы қабылдауы, құнды тәжірибесі және студенттеріміздің практикалық даярлығына қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Осындай кездесулер студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуға және кәсіби тұрғыдан дамуға ынталандырады.