17 қараша 2026


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Сіздерді 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Студенттік жылдар – біліммен толығып қана қоймай, өмірге көзқарас қалыптасып, арман мен мақсат айқындалатын ерекше кезең. Әрқайсыңыздың ізденістеріңіз бен талпыныстарыңыз, жетістіктеріңіз бен бастамаларыңыз біз үшін қымбат.

Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан бәсеңдемей, таңдаған жолдарыңыз сіздерді үлкен белестерге бастасын. Өмірлеріңізде жақсы адамдар, ұмытылмас сәттер мен қуанышты жаңалықтар көп болсын!

Студенттік шақтың әр күні жүректеріңізде жылы естелік болып қалсын!

Ізгі тілекпен,
AMANZHOLOV UNIVERSITY әкімшілігі