17 қараша 2026


НЕЙРООЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛА ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ: AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде балалардың танымдық және қозғалыс дағдыларын дамытуда нейроойындарды қолдану тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

«Балаларды дамытудағы нейроойындар: шығу тегі, міндеттері және тәжірибеде қолданылуы» атты кездесуді №103 санаторлық бөбекжай-балабақшасының логопед-мұғалімі, педагог-сарапшы Аксинья Валерьевна Ренёва өткізді.

Шеберлік сағаты барысында нейроойындардың балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытудағы мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар ойын тапсырмаларын баланың жасына және жеке ерекшеліктеріне қарай таңдау, оларды тәжірибеде тиімді қолдану жолдары қарастырылды.

Кездесу болашақ психологтар мен балалармен жұмыс істейтін мамандарға теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, дамытушылық жұмыстың жаңа әдістерімен танысуға мүмкіндік берді.

Іс-шара университеттің «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдығына арналған «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» онкүндігі аясында ұйымдастырылды.