18 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ДЕФЕКТОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ШАҚЫРАДЫ

2026 жылғы 19 қарашада Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Дефектолог күніне орай «Дефектология бүгін: арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудағы дәстүр, инновация және пәнаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтеді.

Іс-шара арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың ғылыми-әдістемелік және практикалық тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауына, сондай-ақ кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң болмақ.

Семинар аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи технологиялары, түзете-дамыту әдістемелері, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды қолдау тәсілдері, цифрлық инновациялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері қарастырылады.

Бағдарламада тақырыптық баяндамалар, тәжірибелі мамандардың сөз сөйлеуі, тиімді кәсіби тәжірибелердің таныстырылымы, заманауи әдістерді талқылау және практикалық шешімдермен алмасу жоспарланған.

Семинарға арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) және кабинеттердің (КППК) өкілдері, педагог-дефектологтер, арнайы педагогтер, логопедтер, тифлопедагогтер, сурдопедагогтер, педагог-психологтер, тәрбиешілер, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, сондай-ақ педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері шақырылады.

Семинардың мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тиімді тәжірибелерді тарату және әр баланың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағдарланған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін дамыту.

ҰЙЫМДАСТЫРУ АҚПАРАТЫ

Ұйымдастырушы: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті.

Өтетін күні: 2026 жылғы 19 қараша.

Басталу уақыты: 10:00.

Өтетін орны: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, № 1 оқу ғимараты, 218-аудитория.

Өткізу форматы: офлайн.

Байланыс телефоны / WhatsApp: +7 701 345 77 28.

Арнайы және инклюзивті білім беру саласының барлық мамандарын семинарға қатысуға шақырамыз!