19 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫНДА СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экология және география кафедрасында Студенттер күніне орай 1-курс білім алушыларына арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарлама аясында ән мен би орындалып, студенттерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған түрлі ойындар мен қызықты сайыстар өткізілді. Білім алушылар викториналар мен танымдық тапсырмаларға белсене қатысып, өздерінің білімін, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ал ерекше белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік кеш бірінші курс студенттеріне жарқын әсер сыйлап, олардың өзара жақындасуына, жаңа ортаға бейімделуіне және студенттік өмірдің қызықты сәттерін бірге бөлісуіне мүмкіндік берді.

Экология және география кафедрасы барлық бірінші курс студенттерін Студенттер күнімен құттықтайды! Студенттік жылдарыңыз жаңа мүмкіндіктерге, жарқын жетістіктерге, қызықты кездесулер мен ұмытылмас естеліктерге толы болсын! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!