19 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ «JOB FAIR» КӘСІПТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының профессоры С. Г. Сахариева және Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Ю. Е. Кукина «Job Fair» ауқымды кәсіптер жәрмеңкесінде спикерлер мен сарапшылар ретінде қатысты.

Іс-шараны «Нұр-Орда» мектеп-лицейі мен «Білім-Инновация» лицейінің әкімшілігі ұйымдастырды.

Кәсіптер жәрмеңкесі жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері мен кәсіби қауымдастық өкілдері арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берді. Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын, жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына қолдау көрсету.

Университет оқытушыларының сарапшы ретінде қатысуы мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етті.