20 қараша 2026
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: AMANZHOLOV UNIVERSITY ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ
Amanzholov University-де «Цифрлық ұрпаққа арналған педагог кадрларды даярлаудың озық тәжірибелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Басқосуға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің білім беру ұйымдарының өкілдері қатысып, педагогтерді даярлаудың заманауи тәсілдерін, цифрлық құзыреттерді дамыту және білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Білім беру саласының цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда жасанды интеллектіні қолдану ерекше өзектілікке ие. Жаңа технологиялар оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу материалдарын әзірлеуге және білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қосымша мүмкіндіктер ашады. Бұл ретте болашақ педагогтер цифрлық құралдарды меңгеріп қана қоймай, оларды кәсіби қызметінде сауатты қолдана білуі маңызды.
Осы бағыттағы практикалық тәжірибені Мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының өкілі А. С. Зуев таныстырды. Ол «Дене шынықтыру пәні болашақ педагогтерін даярлауда жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне кіріктіру және олардың дене шынықтыру-педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлаудағы мүмкіндіктері туралы баяндады.
Баяндамада студенттердің әдістемелік даярлығын жетілдіру, оқу материалдарын әзірлеу және сабақтарды жоспарлау кезінде цифрлық құралдарды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар заманауи білім беру ортасында дене шынықтыру мұғалімдеріне қажетті цифрлық құзыреттерді қалыптастырудағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері қарастырылды.
Халықаралық дөңгелек үстелге қатысу Ресей Федерациясының В. П. Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетімен жасалған ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісім аясында да маңызды мәнге ие.
Мұндай іс-шаралар халықаралық әріптестікті нақты мазмұнмен толықтыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және бірлескен ғылыми-білім беру қызметінің перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

