24 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «ОҚИТЫН ҰЛТ» ӘДЕБИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

Amanzholov University-де қазақ ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Оқитын ұлт» әдеби-ағартушылық іс-шарасы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және жастардың рухани-танымдық көзқарасын кеңейту.

Өтетін орны: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 1-оқу ғимараты, Coworking кеңістігі.

Күні: 2026 жылғы 25 қараша

Уақыты: 13:00

Ұйымдастырушылар: Педагогика жоғары мектебі және Б. Мамраев атындағы ғылыми кітапхана.

Баршаңызды әдебиет пен руханият тоғысатын тағылымды кездесуге шақырамыз!