25 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ МАЛАЙЗИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАНМАДАН ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Беткі инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Малайзияның жоғары оқу орындарында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың негізгі мақсаты – ғылыми қызметкерлердің кәсіби және зерттеушілік құзыреттіліктерін жетілдіру, халықаралық ғылыми тәжірибе алмасу, шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық байланыстарды нығайту және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа бағыттарын зерделеу.

Халықаралық тағылымдама Малайзияның екі жоғары оқу орнының базасында ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Universiti Sains Malaysia (USM) университетінің Физика мектебінде:

– Айбек Еркебұланұлы Әлібеков;

– Темірлан Әлімбекұлы ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ал Universiti Pendidikan Sultan Idris (UPSI) университетінде:

– Архат Мақсұтұлы Ұрыққалиев;

– Балым Әлібекқызы Әлібекова тағылымдамадан өтті.

Шетелдік жоғары оқу орындарындағы тағылымдама қатысушылардың халықаралық академиялық ортадағы тәжірибесін кеңейтуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысуға және кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

«Беткі инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығы материалтану, беткі қабаттардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, тозуға төзімді жабындар алу, трибологиялық сынақтар жүргізу және беттік өңдеу технологияларын дамыту бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Осы салалардағы ғылыми әлеуетті арттыру және халықаралық тәжірибені зерттеу жұмыстарына енгізу – орталық қызметінің маңызды бағыттарының бірі.

Қазіргі ғылыми кеңістікте халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Ол ғылыми нәтижелерді дамытуға, зерттеу әдістемелерін жетілдіруге, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми қауымдастықтар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық тағылымдамалар ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттырып қана қоймай, университеттің халықаралық академиялық кеңістікке ықпалдасуына да ықпал етеді.

Тағылымдама қорытындысы бойынша қатысушыларға Certificate of Completion сертификаттары табысталды.

Amanzholov University ғылыми қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыру, халықаралық ғылыми тәжірибені дамыту және шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

Халықаралық тағылымдамадан өткен әріптестерімізге табысты ғылыми ізденістер, жаңа зерттеу нәтижелері мен кәсіби жетістіктер тілейміз!