26 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің өкілдері Жамбыл облысында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда. Университет мамандары өңірдегі мектеп оқушыларымен кездесіп, білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орнының мүмкіндіктері туралы ақпарат беруде.

Жұмыс сапарының екінші күні де мазмұнды кездесулерге ұласуда. Сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып, педагогтермен кәсіби тәжірибе алмасу жұмыстары қатар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта университет өкілдері облыстың төртінші ауданына бағыт алып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.