Ғылыми зерттеу қызметі

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі әлеуметтік-табиғи ортадағы және әлем туралы білімді толықтыру үшін объективті бар құбылыс заңдылықтары мен үдерістерді анықтауға бағытталған.

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ ғылыми-зерттеу қызметі зерттеушілік жобалар, шаруашылық келісімдер және ғылым кеңістігі мен халықаралық және аймақтық білім алаңдарында баяндамалар мен жарияланымдар түрінде зияткерлік жекеменшік нәтижелерін іске асыру бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу қызметінің ең бір маңызды бағыты ғылыми-техникалық ілгерілеуге қол жеткізудің тәжірибелік қызметіне шығармашылық қабілетті қолданатын жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын арттыратын әлеуетті ықпал саналатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер сапасын арттыру университет беделін жақсартуға және оның рейтингін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТЕР

Ғылыми-техникалық кеңес университет мамандары мен ғалымдарының ЖОО – ның ғылыми-техникалық саясатын әзірлеуге және іске асыруға, орындалатын зерттеулердің ғылыми деңгейі мен өзектілігін, олардың инновациялық бағытын арттыруға қатысуының негізгі нысандарының бірі болып табылады. «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ жарғысына сәйкес, университеттегі ғылыми-техникалық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметті басқаруды инновациялық даму және коммерцияландыру департаменті туралы ережесінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің ғылыми-техникалық кеңесі болып табылады. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің ҒТК құрамына: төраға - ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор, төрағаның орынбасары-инновациялық даму және коммерцияландыру департаментінің директоры, ҒЗО және ҒЗИ директорлары, жетекші ғалымдар, жоғары мектеп декандары және кафедра меңгерушілері,. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің ҒТК екі айда бір рет өткізіледі және хаттамамен ресімделеді. Хаттамаларға төраға проректор қол қояды.

Инновациялық қызмет

Патенттік-лицензиялық жұмыс

Кнопка "Наверх" с иконкой