8 октября 2024


ШҚУ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы 1 қазаннан бастап жоғары (педагогикалық емес) кәсіптік білім алған тұлғалар үшін «Педагогикалық қайта даярлау» курстарын бастады.

Оқу мерзімі 8 ай, 60 академиялық кредитті (1800 академиялық сағат) құрайды.

Бұл бағдарлама аз уақыт ішінде қосымша мамандық алуға мүмкіндік береді.

Курсты «Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері» тақырыбында Мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының сениор-лекторы Гайсин Айдар Балқашұлы өткізуде.