26 мая 2025


СУ МЕН АУАНЫҢ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ – БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледежінде 2025 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында 07110400 «Зертханалық технология» мамандығының студенттерімен «Су мен ауаның сапасын талдау» тақырыбында маңызды экологиялық іс-шаралар өтті.

 Экологиялық акциялар аясында студенттер қалалық және табиғи ортадан алынған су мен ауа үлгілерін зертханалық жағдайда талдап, қоршаған ортаның сапасына баға берді. Бұл шара студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және нақты тәжірибеде қолдануға үлкен мүмкіндік берді.

 Іс-шара кәсіби білім мен практикалық машықты ұштастырып, жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Экология — бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Ал бұл бағытта зертханашы мамандардың орны ерекше.

 

 Болашақ — білімді, саналы және жауапты мамандардың қолында. Табиғатты қорғау әр маманның, әр азаматтың борышы.