«Күміс университеті» жобасы

Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 55, №207 қызметтік бөлме resurscentrvku@mail.ru 8 (7232) 25-22-84, WhatsApp +7 705 509 21 11

«Күміс университет» — үшінші жастағы азаматтарға қосымша және бейресми білім алуға мүмкіндік беретін жоба. Жобаның қызметі аға буын өкілдерінің белсенді ұзақ өмір сүруіне ықпал ететін білім беру, ағартушылық және әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Негізгі мақсаттары

Егде жастағы адамдардың білім алуына, қарым-қатынас жасауына және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау; өмір сүру сапасы мен әлеуметтік ықпалдастық деңгейін арттыру; Lifelong Learning (өмір бойы білім алу) халықаралық стандарты аясында университеттің білім беру миссиясын кеңейту.

Оқыту бағдарламаларының негізгі бағыттары

  • Цифрлық сауаттылық
  • Кәсіпкерлік негіздері
  • Әлеуметтік желілерде және интернет-платформаларда жұмыс істеу. Журналистика негіздері
  • Қазақ, ағылшын, түрік және корей тілдерін үйрену
  • Емдік және сауықтыру дене шынықтыруы
  • Қаржылық сауаттылық
  • Мәдени мұра. Өлкетану
  • Жас ерекшелік психологиясы «Бақытты жас». Денсаулықтың әлеуметтік-психологиялық факторлары
  • Арт-терапия: бейнелеу терапиясы, нейрогимнастика және нейроойындар
  • Шығармашылық терапиясы: «Жанға арналған би», «Ұлттық қолөнер»

Оқыту қалай өтеді

«Күміс университет» жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы тартылған. Тыңдаушылар саны 12 адамнан аспайды. Курсты өткізу формалары: дәрістер, семинарлар, тренингтер — оқыту топтық форматта өткізіледі. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.