12 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ХАКАТОНҒА ҚАТЫСУДА

Өскеменде Ockemen Hub алаңында еліміздегі ең ауқымды офлайн-хакатон – Decentrathon 4.0 басталды. Іс-шара бір мезгілде 20 қалада өтіп, 2500-ден астам қатысушыны біріктірді. Ұйымдастырушылар – Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center, сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтуде.

 

Хакатонға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1–4 курсынан шамамен 30 студент қатысуда.

 

Алғашқы күн – Solana Day Web3.0 және блокчейн технологияларына арналды. 13–14 қыркүйек күндері хакатон жасанды интеллект бағыты бойынша жалғасын табады.

 

Айта кетейік, Decentrathon төртінші рет ұйымдастырылып отыр және ол дәстүрлі түрде бүкіл елден жас әзірлеушілерді, студенттерді, IT-мамандарды бір шаңырақ астына жинайды.