9 қараша 2026


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «АРНАЙЫ КЛИНИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРАША» ОНКҮНДІГІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Психология және түзету педагогикасы кафедрасы университеттің студенттерін, оқытушыларын және түлектерін «Арнайы клиникалық-психологиялық қараша» атты онкүндіктің салтанатты ашылуына шақырады.

Аталған іс-шара университеттегі «Психология» білім беру бағдарламасының 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара туралы:

Өтетін күні: 2026 жылғы 9 қараша, дүйсенбі;

Уақыты: 12:50–14:30;

Өтетін орны: №111 аудитория.

Бағдарлама аясында онкүндіктің салтанатты ашылуы, алдағы іс-шаралар жоспарымен таныстыру және университеттің психологиялық қауымдастығы өкілдерінің мерекелік кездесуі ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар: Ж. М. Ақанова, Ю. Е. Кукина.

Онкүндік 2026 жылғы 9–20 қараша аралығында өтеді.

Баршаңызды мерейтойлық іс-шараға қатысып, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде психология саласының 35 жылдық тарихын бірге атап өтуге шақырамыз!