Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01704 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01702 – Орыс тілі мен әдебиеті, 6В01705 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау,  6В03201 – Журналистика мамандарын даярлау, 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 7М01702 – Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау, 8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Білім беру бағдарламалары қазіргі білім беру мазмұнының контекстінде кәсіби педагогикалық қызметтің инновациялық әдістемелерін, филологиялық және педагогикалық салалардағы заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған.

Кафедрада жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылар құрамы, «Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: абайтану және Әуезов» (ф.ғ.д., профессор Картаева А.М), «Ономастиканың аймақтық мәселелері» (ф.ғ.д., қауымд.профессор Әлімхан А.Ә) ғылыми мектептері, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты, Свече қ. (Польша) университетінде Абай орталығы бар.

Аймақтық еңбек нарығында білім беру бағдарламаларының түлектері жоғары сұранысқа ие. Серіктес-жұмыс берушілермен бірге ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Кафедра базасында мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі семинарлар өткізіліп, кәсіби-педагогикалық және шығармашылық бағыттар бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде, кафедра оқытушылары мен студенттері ғылыми жұмыстарының жинақтары шығуда. 

С.Аманжолов, З.Ахметов, Қ.Бітібаева, Д.Әшімханов атындағы арнайы мамандандырылған кабинеттер, «Абай» дәрісханасы және №5 оқу ғимаратында «Журналистика» мамандығына арналған «ALTAI JASTARY» медиаорталығы бар.

Орта мектептер мен колледж жанынан ашылған кафедра филиалдары бар. Дуалды оқыту бағдарламасы негізінде студенттер ДБА Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында, №3, №34, №47 орта мектептерде және облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», «Менің өлкем»  газеттерінде өндірісте оқиды.

Кафедраның құрамында 33 профессор-оқытушы жұмыс істейді. 1 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты, 17 ғылым магистрі бар.

Барбосынова Карлыгаш Туркестановна

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы білім беру үдерісінің маңызды бөлігі ретінде тәрбие жұмысына үлкен мән береді. Кафедра студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған жан-жақты жұмыстар жүргізеді.

            Кафедраның тәрбие жұмысы бірнеше маңызды бағыттарды қамтиды:

- Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Тәуелсіздік күні, Наурыз мейрамы, Абай және басқа да ұлы тұлғалардың мерейтойлары қарсаңында ғылыми-танымдық кештер, кездесулер өткізіледі. Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады.

- Студенттерге ізгілік, адалдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді үйретуге бағытталған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Қазақ және орыс әдебиетінің классикалық шығармалары талқыланатын әдеби кештер ұйымдастырылады. Дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттайтын дәрістер оқылып, студенттер арасында пікірталастар ұйымдастырылады.

- Студенттер арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру үшін құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, академиялық адалдық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында поэзия кештері, театр қойылымдары, әдеби конкурстар ұйымдастырылады. Белгілі ақын-жазушылармен, журналистермен кездесулер өткізіліп, студенттердің көркем сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыруға ықпал жасалады.

- Студенттерді қоғамдық пайдалы еңбекке баулу мақсатында сенбіліктер, экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі танымдық іс-шаралар өткізіледі.

- Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық жарыстар, марафондар, ұлттық ойындар өткізіледі. Денсаулықты нығайтуға бағытталған «Денсаулық фестивалі», «Спорт – өмір айнасы» сынды іс-шаралар ұйымдастырылады.

            - Болашақ журналистердің кәсіби этикасын қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында белгілі журналистермен, БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіледі.

- Студенттерге практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру үшін университеттің немесе аймақтық басылымдармен бірлесе түрлі жобалар жүзеге асырылады.

- Әлеуметтік желілерде дұрыс ақпарат тарату мәдениетін үйретуге арналған тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады.

            Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының тәрбие жұмысы студенттердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Кафедра тек білім берумен шектелмей, болашақ мамандардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына ықпал етеді. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында студенттер білімді, мәдениетті, жауапкершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасады.

Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Әлемдік деңгейдегі тілдер мен әдебиеттердің өзара байланысы және әсері». Аталған тақырып негізінде кафедра оқытушылары мына бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді:

- Қазіргі қазақ тілі сөздік құрамының лексикалық және этнолингвистикалық негіздері (Еңсебаева К.К., Жылқыбаева А.Ш., Оразалин С.Қ., Айтмукашова А.А., Қайырбаева Ж.Қ.);

- Қазақтың тарихи топонимдері материалдары бойынша қазақ тілі лексикасын салыстырмалы-тарихи талдау (Бияров Б.Н., Әлімхан А.Ә.);

- Дүниежүзілік әлеуметтік, мәдени кеңістікте Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетінің негізгі даму бағыттары мен болашағы (Картаева А.М., Барбосынова Қ.Т., Келгембаева Б.Б., Сейпутанова А.Қ., Қасенов С.Т., Мұқышева Р.З., Апышева К.Ә.);

- Қазақстан халықтары тілдерінің өзара әсерін және республикадағы әлеуметтік лингвистикалық ахуалды зерттеу (Садықова С.Т., Ибраева М.Қ., Жоқанасова Х.М., Сапанова А.М.);

- Мәтін интерпретациясы: лингвистикалық, әдебиеттанымдық аспектілері (Демченко Л.Н., Галкина Т.В., Сидихменова Т.И., Кувшинникова О.А., Жакупова Р.М., Токтубаева Ә.Ж.);

- Даярлау бағыттары бойынша филологиялық білім берудің жаңашыл әдістемелері (Будникова Н.Н., Полторжицкая Г.И.);

- Журналистиканың өзекті мәселелері (Галкина Т.В., Берікболова Ә.Ж., Бекбосынова Г.А.).

Кафедра ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары ККСОН ұсынған басылымдарда; Scopus, РИНЦ базаларына кіретін басылымдарда; халықаралық, республикалық басылымдарда; конференция жинақтарында жарияланып тұрады.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы шетелдік ғылыми орталықтармен тығыз байланыста: Сегед мемлекеттік университеті (Венгрия), Еге университетінің Түркі дүниесі ғылыми-зерттеу институты (Түркия), Стамбул мемлекеттік университеті (Түркия), Хаджи Байрам Вели университеті (Түркия), Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Ош мемлекеттік университеті Қырғызстан), т.б.

Кафедра оқытушылары ғылымға бейімділігі бар студенттерді 1-курстан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартып, жетекшілік етеді, соның нәтижесінде студенттер халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып, мақалалар  жариялайды; республикалық, университетішілік пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар сайысына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Кафедра ғалымдары түрлі байқауларға, ғылыми жобаларға қатысады, атап айтсақ, ҚР БжҒМ тарапынан ұйымдастырылған мемлекеттік ғылыми жобалар байқауында «Рухани жаңғырудағы Қазақстан ономастикасы: Шығыс Қазақстан облысының латын графикасына негізделген антропонимдер және топонимдер жүйесі» тақырыбы бойынша ғылыми жобаны жеңіп алды. Аталмыш ғылыми-зерттеу жұмысына  студенттер де жұмылдырылды.

Студенттер ғылымын дамыту бағытында «Жас журналист», «Ақындар мектебі», «Сана» ғылыми үйірмелері жұмыс істейді.

Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жүйелі түрде жүзеге асырылады. Профессор-оқытушылар құрамы тарапынан кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларында жүргізілетін пәндердің оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жасалады. Оқу жылында оқу-әдістемелік семинарлар жоспарланып, жүйелі түрде өтеді. Бұл семинарларда қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен инновациялық әдістер талданып, оларды оқу үдерісіне енгізу мәселелері қаралады. Оқытушылардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін тарату, ашық сабақтар өткізу, оқытушылардың сабақтарына қатысу арқылы өзара тәжірибе алмасу - кафедраның негізгі бағыттарының бірі.

Профессор-оқытушылар құрамы оқу жылы барысында республикалық оқу-әдістемелік кеңесте және университеттің ғылыми кеңесінде мақұлданған оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік құралдарды дайындап, жарыққа шығаруда. Олар сондай-ақ мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырып, оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік жұмыстарға сараптамалық қорытындылар мен сын-пікірлерін береді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы әзірлеген электронды оқу құралдары зияткерлік меншік ретінде ресми тіркелген авторлық құқық куәліктеріне ие. Бұл өз кезегінде оқытушылардың тәжірибесін жақсарту мен білім беру үдерісін цифрландыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кафедрада білім беру бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасуына қатысты талдаулар жасалып, жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатылады. Бұл болашақ мамандарды даярлау үдерісінің сапасын арттыруға көмектеседі. Оқытушылар бітіруші курс студенттерін кафедраға қарасты пәндер бойынша сырттай бағалау әдістеріне дайындауды да назарда ұстайды. Білім беру бағдарламаларында студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту, олардың жұмыс нарығына бейімделуін қамтамасыз ету және оқытуды еңбек нарығының сұранысына сай етіп қалыптастыру мақсатында дуалды оқыту жүзеге асырылады.

Кафедра ұжымы жыл сайын Жоғары гуманитарлық мектептің ашық әдістемелік онкүндігін ұйымдастырып, өткізуге атсалысады. Бұл шара білім беру саласындағы жаңа әдіс-тәсілдер мен тәжірибелерді насихаттап, оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

БББ-ның паспорттары

Профессорско-преподавательский состав кафедры

Барбосынова 	Карлыгаш 	Туркестановна

Барбосынова Карлыгаш Туркестановна

зав.кафедра, сениор-лектор

Бияров 	Бердибек 	Нуралдинович

Бияров Бердибек Нуралдинович

асс. профессор

Касенов 	Сакен 	Токанович

Касенов Сакен Токанович

асс. профессор

Енсебаева 	Куляш 	Кенжебековна

Енсебаева Куляш Кенжебековна

асс. профессор

Алимхан 	Айгуль 	Асетовна

Алимхан Айгуль Асетовна

асс. профессор

Келгембаева 	Бакытжан 	Бекеновна

Келгембаева Бакытжан Бекеновна

асс. профессор

Апышева 	Кульжанат 	Ануарбековна

Апышева Кульжанат Ануарбековна

сениор-лектор

Ибраева 	Майра 	Кунапьяновна

Ибраева Майра Кунапьяновна

сениор-лектор

Ахметбекова  	Нурбану 	Мырзабековна

Ахметбекова Нурбану Мырзабековна

лектор

Айтмукашова 	Аида 	Айтмукашовна

Айтмукашова Аида Айтмукашовна

асс. профессор

Картаева 	Айжан 	Маратбековна

Картаева Айжан Маратбековна

профессор

Кайырбаева 	Жазира 	Куатбековна

Кайырбаева Жазира Куатбековна

сениор-лектор

Сейпутанова 	Айымгуль 	Камзановна

Сейпутанова Айымгуль Камзановна

асс. профессор

Оразалин 	Слямбек 	Калибекович

Оразалин Слямбек Калибекович

декан, профессор

Сапанова 	Айман 	Маутхановна

Сапанова Айман Маутхановна

сениор-лектор

Бекбосынова 	Гульмира 	Ахметкалиевна

Бекбосынова Гульмира Ахметкалиевна

сениор-лектор

Берикболова 	Асель 	Жумагалиевна

Берикболова Асель Жумагалиевна

сениор-лектор

Садыкова 	Сауле 	Турсыновна

Садыкова Сауле Турсыновна

асс. профессор

Жоканасова 	Халима 	Магавьяновна

Жоканасова Халима Магавьяновна

сениор-лектор

Жакупова 	Раушан 	Мадениетовна

Жакупова Раушан Мадениетовна

сениор-лектор

Жилкубаева 	Амантай 	Шаймардановна

Жилкубаева Амантай Шаймардановна

профессор

Токтубаева 	Асель 	Жадыгеровна

Токтубаева Асель Жадыгеровна

сениор-лектор

Демченко 	Лариса 	Николаевна

Демченко Лариса Николаевна

асс. профессор

Галкина 	Татьяна 	Владимировна

Галкина Татьяна Владимировна

асс. профессор

Полторжицкая 	Галина 	Ивановна

Полторжицкая Галина Ивановна

сениор-лектор

Лазарева 	Вера 	Анатольевна

Лазарева Вера Анатольевна

лектор

Мукушева 	Раушангуль 	Закеновна

Мукушева Раушангуль Закеновна

сениор-лектор

Саганаева 	Акмарал 	Айболовна

Саганаева Акмарал Айболовна

сениор-лектор

Будникова 	Наталья 	Николаевна

Будникова Наталья Николаевна

сениор-лектор

Кувшинникова 	Ольга 	Александровна

Кувшинникова Ольга Александровна

сениор-лектор

Кнопка "Наверх" с иконкой