ШҚО киелі орындарының картасы

АҚБАУЫР ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ

АҚБАУЫР ТАРИХИ-АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ

Өскемен қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Құржымбай тауының етегінде, ашық аспан астындағы Ақбауыр тарихи кешені қола дәуірінен сыр шертеді. Ел аумағында ғана емес, ғаламшарымыздағы ең көне жәдігерлердің бірі.

«Ақбауыр» тарихи-археологиялық кешені аумағындағы археологиялық ескерткішке әр түрлі дәуірлердің петроглифтері, қола дәуір қорымдары, сирек археологиялық кешендер – «мұртты» қорғандар енетін, ерте темір ғасыр қорғандары, ерте орта ғасырлар дәуірімен мерзімделген жерлеулер шоғырланған. Мұнда жартастарында б.д.д. V-iii мыңжылдықтарда охра (сары я қызыл қошқыл түсті минерал бояу) бояумен салған суреттері бар үңгір ерекше орын алады. Бұл жерде маусымдық – күнтізбелік циклге жататын күрделі жөн-жоралғылар мен жерлеу, тәу ету әдет-ғұрыптары ғана өткізіліп қоймаған, сонымен қатар Күнге, Ай мен жұлдыздарға астрономиялық бақылау жасалып, күн мен түннің теңесуін және күннің тоқырауын белгілеп отырған.

Ежелгі адамдар аспан кітабын алақандағыдай оқи білген сияқты. Жеті Қарақшы жұлдызы бейнеленген және күн сағаттарымен белгіленген алаң – гранит плиталар сақталған ежелгі астрономиялық зертхана. Гранит массивінің жанында осы жерге қонған ғарыш кемесінің түсу сәтін сипаттайтын таңбалар мен белгілер сақталған үңгір тұр. Қуысқа апаратын тастан жасалған баспалдақтар да ғарыштық таңба – әлем шыңына көтерілумен байланысты. Үңгір таңбаларының арасында Күн белгісін білдіретін түрлі айқыш-кресттер бар. Зерттеушілер мұнда жүйелі астрономиялық байқау өткізілген деген ғалымдардың тұжырымдарын растайды, ал неолит дәуірінің сызбалық петроглифтері пиктографиялық (пиктограмма – шартты суреттермен таңбаланатын ежелгі жазу түрі) хаттардың пайда болуын көрсетеді. Жартастардың бірінде жасанды тесік бар. Егер олардың біреуіне су құйса, онда көктемгі күн мен түннің теңелуінде күн сәулесі көрініп, жоғарғы тесікке түседі. Жартастың жанында үлкен тас тұр. Онда да бильярд шарларына арналғандай тесік бар. Мұнда тас ұңғыларының пішінін қайталайтын руда құймалары, шатқал аумағында үлкенді-кішілі домна пештерінің қалдықтары табылды. Осы жерден бірнеше жүз метр жерде жергілікті жануарлар – марал, сібір тауешкілері – теке, арқарларды бейнелейтін петроглифтер бар.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, «Ақбауыр» кешені энергетикалық және ақпараттық генератор болып табылады. Бұл бірегей орынға 22 наурыз және 22 қыркүйекте барған қолайлы. Бұл – көктем мен күзгі күн теңелуінің уақыты. Жартастағы киіз үйдің аумағындай тас үңгірде жазу-сызулары бар мұндай кешен әлемде екеу ғана.

Бір ғажабы, үңгірдің төбесінде күндіз жарық түсетін, түнде жұлдыздар көрінетіндей ауқымды тесік бар. Осы археологиялық нысандардың ішінде Ақбауырдың алар орны маңызды. Толық зерттелмегендіктен Ақбауыр жұмбағы хақында болжамдар аз емес.

«Тастан тұрғызылған құрылысы күрделі ескерткіш-гротерте дүниедегі аспан әлемін бағамдайтын обсерватория емес пе екен?» дейтіндер де бар. Өйткені ата-балаларымыз жұлдыздардың қозғалысы арқылы уақыт есебін жүргізіп, түрлі табиғат құбылыстарының алдын алып отырған. Ақбауыр жөнінде Бестерек ауылының ақсақалдарының сөзіне сенсек, күннің үңгірдің дәл ортасына түскен сәулесі арқылы Наурыздың келгенін анықтаған екен. Демек, Жаңа жылды тойлау жоралғысы осы арада өткен. Бұл бір болжам ғана. Ал Ақбауыр болса, өз сырын ішіне әлі күнге бүгіп жатыр. Бұл жұмбақтың ашылар сәті алыс емес.

 

«Қазақстанның жалпыұлттық  қасиетті нысандары» кітабынан.

 

 

Ақ Бауыр астрономиялық кешені, 25 м жуық диаметрімен амфитеатрға ұқсайды, 2,5-4 м биік гранит жартастарды тағадай айнала қоршаған. Бірқилы сатылы орындықтары бар цирк шеңберіндей болып қалды. Әбден мүмкін, сол тасты «орындықтарда» ежелгі астроном-абыздардың әрекетін бақылап көрермендер көріп тамашалаған тәрізді.

Төбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір, әсіресе, оның кіре берісіне қарсы суреттер салынған негізгі қабырғасы көп адам табынатын киелі орын болған. Тау бөктерінде 5-6 м биіктігінде орналасқан. Оның алдындағы алаңда үлкен діни жиындар, құрбандық шалу, т.б. рәсімдер өткізілген. Төбесінде және қабырғасында тас жазуының ережесімен қызыл охрамен салған ерекше жазулар бар: арба, бұқа, тау ешкі, адамдар мен тұрғын үйлері. Олар б.з.б. 3-мыңжылдықтың басына жатады.

Гроттың жартылай дөңгелек кеңістігін жүрек нысанды тесігімен тас плитасы жабады.

Осы уақытқа дейін 80 жуық суреттер сақталып қалған: адамның бірнеше бейнесі, тау ешкі, үйлер мен арбалар, қалғандары – әртүрлі символар мен белгілер.

Ақ бауырдағы жазулар – әлемдегі ең көне жазудың үлгісі. Бұл жазулар мұз дәуірінің аяғында жасалған.

https://qazir.kz/article/Aqbaur_tarihi_arqeologiyalyq_kesheni

Мұзтау (Шығыс шыңы)

Мұзтау (Шығыс шыңы)

Табиғи-қорық қорының геологиялық объекті.   Ерте заманнан бері әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді өзіне магнит секілді тартып келеді.

Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Мұзтау тауы  (4506 м) Ресей мен Қазақстанның аумағында, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарғай ауданының солтүстік шығысында орналасқан. Мұзтау тауы дұрыс емес пирамидалар пішініндегі екі шыңнан тұрады, олар: Шығыс Мұзтау (4506 м.) және Батыс Мұзтау (4435 м.), екеуінің ортасында биіктігі 4000 м «Мұзтаудың ер-тоқымы» ойысы орналасқан.

Мұзтау қардың, мұздықтардың,  ауыр қар көшкіні мен сарқырамалар мекені. Қос шың беткейлерін мәңгі қар мен мұз  басып жатыр. Мұзтаудың мұздықтарынан Ақ Берел, Қатын сияқты өзендер бастау алады.

Алтайлықтар Мұзтауды «Құдайлар мекені», «Ұлы қария» деп еркелетіп айтады. Ал Н.К. Рерихтің пікірінше бұл тау туралы тіпті «шөлдер де сыбырласады», дейді. Мұзтаудың атауы таудың басынан аяғына дейін мәңгі қалың қардан басып жатқандықтан аталған болар. Бұл қосбасты жарқыраған ұлылықты өз көздерімен қызықтаған саяхатшылар, оның сөз жетпес сұлұлығын, күнбатыстағы ғажайып түстерінің ауысуын, аспанға жақындығын, жұлдыздардың жымыңдасуын ешбір жермен салыстыруға келмейтіндігін таңдана айтады. Мұзтау, Белуха – Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Мұзтау – Алтай тауларының ең биік шыңы. Сонымен қатар бұл тау – «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі.

Жер бедері

Мұзтау Ресей мен Қазақстан шекарасы бойымен көтерілетін екі шыңнан тұрады. Сондай-ақ аталған қос шың Қытай мен Моңғолия шекарасында бетпе-бет орналасқан. Екі шыңның шығыс жағындағысы батыстағы шыңнан биіктеу. Бұл тауларда бірнеше шағын мұздықтар кездеседі. Мұздықтар таудың беткі бөлігінің 27 шақырым аумағын алып жатыр. Берел олардың арасындағы ең ірі мұздық болып табылады. Биіктігі -1950 м. Алтайдың алғашқы карталарында Оңтүстік-Шу Альпісі және Катун Альпісі деген жазбалар кездеседі. Бұлар осы өңірдің көне атаулары болып табылады. Қос шың беткейлерін мәңгі қар мен мұз басып жатады

Өзендері мен мұздықтары

Көптеген өзендер осы таудан бастау алады. Өзен ағысы екіге бөлініп бірі – Катунь өзені (Алтай Республикасы), екіншісі – Ертіс өзені (Шығыс Қазақстан облысы) болып жалғасады. ЮНЕСКО Алтай таулары аймағын әлемдегі табиғаты өте таза аймақтар тізіміне енгізген. Бұл аймақта екі ірі мұздық бар: бірі – Үлкен Берел, аумағы 10,3 шақырымды құрайды, екіншісі – Кіші Берел, аумағы – 8,9 шақырым. Белуха тауына 1914 жылы алғаш рет Б.В.Тронов пен М.В.Тронов көтерілген.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Берел қорымы

Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Берел ауылынан 7 шақырым оңтүстік батысында орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел жєне Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оњтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан. Ескерткіштің координаттары: 490 20 с.е., 860 22 ш.б. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 м. биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған.

Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.

Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғғ. үйілген (2400-2300 ж. бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді – б.з. 7-8 ғғ. (1200-1300 ж. бұрын).

Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды.

Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.

Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНК-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды

Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш.

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Берел ауылы маңында орналасқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық -мұражайы 2008 жылғы 4 шілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық – мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ашылды.

Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді.

Музей-қорықтың құрылу мақсаты оның құрамына кіретін тарих және мәдениеттің археологиялық ескерткіштерін олардың ішкі көріністерімен, тарихи қалпында және онымен байланысты аумақтарды қол тимеген түрде сақтау және қатаң ғылыми негізде қайта қалпына келтіру, аса көркем, мәнерлі ғылыми экспозициялардың түпнұсқалық мұражай жинақтары негізінде жылжымайтын ескерткіштер жасау болып табылады.

https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/berel-qorymy-tangajaiyptar-mekeni-foto-5798/#gsc.tab=0

Бұқтырма су қоймасы

Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Алтай тауларында орналасқан.. Көлемі бойынша Бұқтырма – әлемдегі ең ірі суқоймалардың бірі.

Көлемі үлкен болғандықтан, жергілікті тұрғындар оны теңіз деп атайды. Суқойманың көлемі – 5490 шаршы шақырым. Ұзындығы  – 425 км, ал жалпақтығы – 35шақырым. Ең терең жері шамамен 60 метр болса, орташа тереңдігі – 9,6 метр.

Су қоймасы Ертіс өзені Бұқтырма ГЭС плотинасында түзілді. Оны толтыру 1960 жылы басталды. 1966 жылдан бастап ағынның көп жылғы реттеуі жүзеге асырылады. Су қоймасы 2 учаскеден тұрады: өзендік — Ертіс өзенінің алабы бойынша және Зайсан көлінде, оның орнында кең өзен иірімі пайда болды. Балық аулау әуесқойлары үшін Бұқтырма су қоймасы балықтың түр-түрін ұсынады. Әрбір балықшы күш жұмсамай рипус, шортан, көксерке және алабұғаны сияқты балықтарды ғана емес, хариус, аққайран, сазан, форель, нәлім, мөңке, табан балық және басқа да көптеген балық түрлерін аулай алады. Бұқтырма су қоймасы балық аулаудан басқа құмды жағажайларында бой жазып осы таулар және биік қарағайлармен қоршалған жасанды көлдің таза суларында шомылу мүмкіндігімен туристтерді қызытырады. Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базалары Өскемен қаласынан 80-150 км қашықтықта орналасқан, Сізге қалауыңыз бойынша көліктің кез келген түрімен (автобус, поезд немесе әуе сапары) Өскеменге жету қажет болады, содан соң Өскеменнен Бұқтырмаға автобус немесе поезбен жетуге болады.

Су қоймасында өзінің қызметтерін көптеген демалыс базалары ұсынады, соның ішінде «Голубой залив», «Алтайская бухта», «Аюда» және т.б. демалыс үйлері бар.

Олардың жайлылығы да, қызмет көрсету бағасы да әртүрл, сондықтан қалтаңыз көтеретін бағаға демалуға болады.. Бұл жерге әлемнің түкпір-түкпірінен балық аулаушылар келеді. Мұнда аққайран, шортан, сазан, мөңке, алабұға, нәлім балықтары бар.

https://barinbil.kz/gylymi-jobalar/e-zdik-ylymi-zhoba-shy-ys-aza-stanny-zheti-keremeti/

https://ruh.kz/qazaqstandagy-turizm-aimaqtary_10583/

Катонқарағай ұлттық паркі

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың га, оның 215 мың га-сы орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м³, қорықтық аймақ жері 151 мың гектар. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың га.

Географиялық орны

Солтүстігінде Қызылқарағай және Қатын жотасына ұласа отырып, Ресеймен шектеседі. Шығысында Үкек даласымен (Ресей, Алтай Республикасы) және Қытаймен, оңтүстігінде Темірқаба өзенін бойлай Марқакөл қорығымен шектеседі.

Биіктік аймақтары

Саябақ жері 4 табиғи биіктік аймаққа бөлінеді:

нивальды – теңіз деңгейінен 2800 м биік;

тундра-шалғынды – теңіз деңгейінен 2000-2800 м биік;

таулы-орманды – теңіз деңгейінен1200-2300 м биік;

орманды-шалғынды-далалы – теңіз деңгейінен 900-1200 м биік.

Жер бедері

Жер аумағының ¹/³-ін қалдық қылқан жапырақты орманы басым орманды ландшафт алып жатыр. Теңіз деңгейінен 4506 м биіктікте орналасқан Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы – Мұзтау, одан шығатын Қызылқарағай жотасының тізбегі мен Бұқтырмамен Берел (Бергіел) өзенаралық биік тауы кіреді. Әріректе Оңтүстік Алтай (ең биік нүктесі Жаңғыртау тауы – 3871 м), Тарбағатай(Хрустальная тауы – 3094 м) және Сарымсақты жотасы (Бүркітауыл тауы – 3373 м) көрінеді.

Ұлттық бақ жерінде Мұзтаудағы (Қатын жотасы) Ақ Берел қайнар көзі мен Оңтүстік Алтай жотасының шығыс шеті орналасқан. Берел қайнар көзінде 30-дан астам мұздық кездеседі.

Саябақ жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне бай. Тархан геологиялыққимасы, Рахман бұлағы, мәдени-тарихи ескерткіш болып табылатын Берел сақ қорғаны мен Көккөл кеніші, Ұлы Жібек жолының солтүстік алтын тармағы, марал шаруашылығыорналасқан.

Саябақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма өзенінің алабы, оңтүстік бөлігін Қарақаба өзені алып жатыр. Мұнда кең су арнасы 80м биіктіктен құлайтын Көккөл сарқырамасы, Арасан, Қара Берел, Рахман көлдерінің сарқырама тармақтары бар.

Климаты,өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты тым континеттік. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 600-1800 мм аралығында.

Саябақтың жері жануарлар мен өсімдіктер түріне бай:

* сүтқоректілердің 72 түрі, оның ішінде марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну, т.басқалар;

* құстардың 250-ден астам түрі кездеседі. Соның ішінде сирек кездесетін, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек, т.б. құстар;

* саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр) кездеседі.

https://qazaqstan3d.kz/kz/place/view?id=15

Қиын-Керіш жоталары

Қиын-Керіш – аумағы 300 гектарлық, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы маңында орналасқан ерекше шатқал. Қиын-Керіш адырлары мен шатқалдары қызғылт сары, ақ, көк және басқа да түрлі-түрлі топырақты мұнаралардан тұрады.

Қиын-Керіштің топырағы қызғылт түске оранып, аптап жаз ыстығында сағымданып, жалын шашып тұрғандай әсер етеді. Сол себепті бұл шатқалдарды «Жалынды жар» деп те атайды. Адырлардың түсі мен қатпарлары құбылмалы. Жазушы Борис Щербаков жазғандай: «Бұл жерге әр келген сайын керіштер әр қырынан көрінеді». Себебі қатпарлар миллиондаған жыл­ теңіз бен көл түбінде жатқандықтан әртүрлі химиялық қабаттар біріге берген. Қиын Керіш – көне заманғы «үшінші мыңжылдық» деген дәуірдің, бір кездердегі теңіздер мен бұғаздардың көзі. Куәсі десе де болады. Шығыс Қазақстандағы бұл сирек шатқалдың басты қазынасы – әрбір геологиялық дәуірлер із қалдырған түрлі-түсті қатпарлары, адырлары, бедерлері мен шөгінділері. Көпшілік геолог бұл аймақты табиғат ескерткіші санайды.

Қиын-Керіш топырағы ақ балшықтан тұратындықтан қар, жаңбыр суына еріп, шатқал аймағындағы жолдарда көліктер тайғанақтап, батып, жолдың қиындығы білінеді. «Қиын-Керіш» деген атау осы жол қиындығына байланысты қойылса керек. Ал «керіш» сөзі көне түркі тілінде «тау», «жота» деген мағынаны білдіреді. Жергілікті тұрғындар Қиын-Керішті Эолия қаласы деп те атайды. Бірақ бұл атаудың қашан, қайдан пайда болғаны белгісіз.

Қиын-Керішке арнайы келетіндердің саны көбейген. Ал жергілікті халықтың көзі үйреніп кет­кен.

Жергілікті тұрғын Айсұлтан Леңгер бұл жерде бұрын теңіз болған деген тұжырым жасайды: «Осыған дейінгі экспедицияларда Қиын-Керіште акула сүйегі табылған. Бұл дегеніміз бұл атырапта бұрын су болғанын білдіреді. Қызыл түске боялған бұл аймақты алғаш көргендер бірден Марсқа ұқсас мекен деп жатады. Расымен бұл – Жердегі Марс қой», – дейді ол.

Қиын-Керіш шатқалы «Кербез сұлулық» деген мағынаны білдіреді, бірақ ел аузында оның алуан түрлі атауы бар, деп хабарлайды 16news.kz.

Бұл шатқал Күршім ауылынан 120 шақырым жерде орналасқан, 300 гектар аумақты алып жатыр. Сазбалшықтың эрозиясы нәтижесінде мұнда әлем-жәлем ландшафт  құрылған. Алыстан қарағанда, қызыл сазды жартастар мен Қиын-Керіштің жарқабағы  дала өртінің жалаңдаған тіліне ұқсайды екен, сол себепті олар «Жалынды жартастар» деп те аталады. Қатпарлы көптүсті «құрылыстар» оның «Аруақтар қаласы» деген  ел аузындағы тағы бір атауына арқау болатындай.

Қиын-Керіш құздарының жақыннан қарағандағы көрінісі таңғажайып қаланы елестетеді. Бұл қала туралы көптеген кереғар сыбыстар бар. Біреулер осы жерде кезінде адамдарды құрбандыққа шалған десе, кейбіреулер бұл жұмбақ орында Жерге қуатты ғарыштық энергия келіп тұрады деп санайды. Жергілікті тұрғындар келушілердің назарын диск тәрізді бұлттарға аудартады. Мұндай бұлттар тек Қиын-Керіштің үстіне ғана жиналады екен.

Палеонтолог ғалымдар «Аруақтар қаласын» тарихтан бұрыңғы заманның бірегей ескерткіші ретінде сипаттайды. Шатқалдың түрлі түсті сазбалшығы мезозойда қалыптасқан, ол кезде жер бетін динозавтрлар мекен ететін. Бұл температураның максимумы сәкес келетін фанерозойдың ең жылы дәуірі болатын.

Климаты өзгерісске ұшыраған келесі дәуір — палеоген шатқалдың топырағында ежелгі омыртқалылар фаунасының сүйек қалдықтарын қалдырды: мүйізтұмсықтар, қолтырауындар, тасбақалар, саламандралардың. Ол туралы Қиын-Керіштің шөгінділерінен ғалымдар тапқан  субтропикалық өсімдіктердің іздерінен аңғаруға болады: пальма, араукария және магнолиялардың.

Көне флора мен фауна қалдықтарының көптігі және палеогеннің континентальді шөгінділерінің алуан түрлілігі бойынша Азия мен Еуропада Қиын-Керішпен тең келер ешбір естелік жоқ.     

     https://massaget.kz/ruhani_jangyiru/57605/

Рахман көлі

Рахман қайнары, Рахман көлi, арасан – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзi.

Оңтүстік Алтайдың кiшкене тектоникалық ойпатында, Арасан көлі жағасында, теңiз деңгейiнен 1750 м биiктiкте айналасын биiк тау, орман қоршаған өте көрiктi жерде орналасқан. Су граниттегi терең тектоникалық жарықтан шығады, температурасы 35 – 42°С. Қайнардың шипалық қасиетi ертеден белгiлi.

1925 – 36 ж. бұл жерде курорт болған.

1960 жылдан қайта жұмыс iстей бастады.

Рахман қайнарының шипалық қасиетi оның құрамындағы көмiр қышқылының, радонның молдығында. Суы тұщы, минералдылығы 200 мг/л, құрамында гидрокарбонаттар, натрий, кальций, т.б. элементтер бар. Рахман қайнарының суы асқазан, ревматизм, гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлi улану мен жараларды емдеуде қолданылады.

Өскемен қаласынан 450 шақырым, төрт мемлекеттің Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде, Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында орналасқан.

Осы жердің астында ағып жатқан өзендердің құрамында, емдік қасиеті бар радон, яғни өте сирек кездесетін гранит миниралдарының ұсақ бөлшектерге бөлінуінің құрамдасы бар. Термалды сулар буындардың, омыртқа сүйектерін, жүйке жүйесін және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Шаруа Рахман 1763 жылы ыстық көзді тауып алған. Аңызға сәйкес, ол маралды жаралайды, жаралы жануар осы ыстық көздерге келіп шомылып аман-сау шығады.

Рахман қайнарының қайнарының шығуы туралы — халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысындағы емдік қасиеті күшті Рахман қайнарына байланысты туған. Ерте кезде Алтай тауларының бөктерінде Әбдірахман деген аңшы өмір сүргендігі, оның бір күні жалғыз баласын ертіп аңға шыққандығы аңыз желісі болады да, алдарынан лағын ерткен сыңар мүйізді марал кезіккенде бала көздеп оқ атады. Маралдың лағы жер сүзіп құлап, оның жаралы аяғынан аққан қанды көрген бала шошынып, есінен танғандығы тебірене әңгімеленеді. Жақын маңнан судың сылдырын естіген Әбдірахман баласының есін жиғызу үшін су әкелуге кеткенде сол бұлақ басынан жаңағы марал мен лаққа тап болады да, жаралы лақтың бұлақ суы ішіндегі аяғының қаны тоқтап, жарасы жазылғанын көріп аң-таң болады. Бұлақтан жанторсығына қасиетті судан құйып алады да, баласына апарып ішкізеді. Осы кезде бала есін жияды. Әбдірахман ауылға су әкеліп ауру-сырқауларға береді. Оcыдан кейін бұлақты «Әбдірахман қайнары», кейіннен «Рахман қайнары» деп атайды. Сол кезден бастап халық Рахман қайнарын емдік мақсатта пайдаланып келеді. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының фольклор экспедициясы Қатонқарағай өңірінен жазып алған. Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен әдебиет және өнер институты қолжазбалар орталығында сақтаулы.

https://qazaqstan3d.kz/kz/place/view?id=188

Сибинские озера

Шығыс өңіріндегі тұмса табиғаттың тағы бір інжу-маржаны – Сібе көлдері. Бұл көлдер Ертістің сол жағалауынан аса қашық емес, Қалба тауларының қатпар-қатпар құйма тастарынан қаланғандай жоталарының арасында орналасқан. Тау табанындағы тостағандардай бес көл кімді болса да таңдандырмай қоймайды. Тереңіндегі малта тас көрінетін тұнықтығы, желмен жеңіл дірілдейтін керімсал көркі – Сібенің сәні мен салтанаты. Қалмақтың «себын» сөзінен шыққан көл атауының түп-төркіні «сабынды көл» дегенді білдіреді. Шынында Сібенің суы сабындай жұмсақ тиіп, тән мен жанды сергітеді

Сібе көлдері – таудың құшағында орын тапқан, бір-біріне жақын жатқан 5 әсем айдын

Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлдері тылсым аңыздарға толы тұңғиығы мен алуан түрлі ойын-сауыққа толы жағалауымен тартымды.

Көлдерге ең жақын қала – Өскемен. Өскеменге жақын болғанына қарай көлдерді Садыркөл, Төртқара, Шалқар, Қоржынкөл, Қаракөл деп тізбектеп айтса болады. Гранитті тау-жартастармен қоршалған көлдердің шалқарында көк аспан көрініс тауып, көз алдыңызға өзге жерде кездеспейтін көріністі келтіреді.

Сібе көлдерінің жалпы ауданы – 32 шаршы шақырым, тереңдігі – 2,5 метрден 38 метрге дейін жетеді. Жерасты және өзен сулары, жауын-шашын көлдерді толықтырып тұратын негізгі «қорек көзі» болып табылады.

Ежелден бері Сібе көлдерінің жағасы көшпелі қазаққа шұрайлы тұрақ болған. Ата-бабамыз осы маңда аялдап, барын жөнге келтіріп, тынығып, ұзақ жолын қайта жалғастырған-мыс. Аңыздардың бірінде бұл жерде ислам, христиан және будда діндері тоғысқандығы баяндалады. Оның желісіне сүйенсек, таулардың түкпір-түкпірінде әр діннің баға жетпес мұрасы жасырылған екен. Сібе көлдерінің жағалауын зер сала аралайтын болсаңыз, будда ғибадатханасының қалдықтарын көруге болады. Кей әпсаналар көлдердің бірінде алтыннан соғылған Будда мүсіні сақталғанын алға тартады.

Алтай тауларының оңтүстік-батысында Қалба жотасының тастарына әр түрлі мөлшердегі бес су толы тостаған орналасқан десе болады. Бұл Сібе көлдері. Су қоймаларындағы суы мөлдір, ал таулар мен тастар уақыт пен желдің күшіне төтеп бергені байқалады.

Сібе көлдері Өскеменге жақын жерде орналасқан. Егер сіз биіктіктен қарасаңыз, онда олар баспалдақ тәрізді орналасқанын байқайсыз. Ең төменгісі теңіз деңгейінен 714 метр, биіктігі 868 метр.

Сибин атауы қазақтың сабын, қалмақтың сибын, татардың сапун сөзінен шыққан. Ертеректе көшпенді халық дәл осы көлдің бойына қоныстанып суға түсіп, киімдерін жуған.

Сібе көлдері жайлы аңыздар

Ғалымдар бұл көлдер Аблайкит жотасынан өзен аңғарларын бөгеп тастауға байланысты пайда болған дейді. Қарапайым тілмен айтсақ, осы жерден ағып жатқан Сібе көлдерінің суы кедергіден «атқылап», айналасына төгіліп жатады.

Алайда, адамдар мұндай аңызды ұната бермейтіні анық, сондықтан Сібе көлдері жайлы көптеген аңыздар бар. Олардың бірінде Жаратушы жергілікті таулардың, өзендер мен өсімдіктерді жасай отырып, өз туындысына өте риза болғаны айтылады. Өз ісіне масаттанып, белгі қалдыру үшін, «оң қолын жерге тигізген екен». Содан жақын жердегі тастар айырылып, саусақ іздері мөлдір суға толады. Шынында да, жоғарыдан көз салғанда көлдердің саусақ іздеріне ұқсайтынын байқауға болады.

Сондай-ақ, көпшілік бес көлді аюдың тырнағының орны дейді. Бұл жерлерде, айтпақшы, аюлар мекендейді. Бақытымызға орай, туристер оларды сирек көреді.

Сібе көлдерінің су асты әлемі

Бесеудің ең үлкені, әрі терең көлі – Шалқар Кеңес уақытында сүңгуірлік жаттығуларға негіз болды. Ресми түрде бұл су қоймасының ең жоғары тереңдігі 48 метрді құрайды. Алайда, жергілікті сүңгуірлер көл әлдеқайда тереңірек дейді. Маусым айындағы көлдердің су температурасы 20 градус Цельсий, ал шілдеде термометр 23-ке жетеді.

Сібе көлдері – сүңгуірлердің сүйікті орны, өйткені мұнда су жазда және күзде 6,5 метр тереңдікте орналасқан. Ал Шалқар көлінің ортасында тұнықтығы шілде-тамыз айларында 11 метрге жетеді.

Ең таңғаларлығы – Сібе көлінің түбінде маржан өседі. Жергілікті тұрғындар айтқандай, олар пішіні жағынан теңізге ұқсас, бірақ жұмсақ болып келеді. Тұздардың немесе кальцийдің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Тіпті тереңдікте де сіз балықтар әлемін көре аласыз: ұсақ және ірі. Олардың 10-ға жуық түрі бар, олардың қатарына қарақұйрық, шортан, айна сазан, балдыр және сазан жатады. Сонымен қатар, су өсімдіктерінің 30-ға жуық түрі бар.

Көлдер жайлы қызық деректер

Су қоймаларымен іргелес аумақта сіз әртүрлі фаунаны байқай аласыз: жергілікті өсімдіктер арасында тимоти, қауырсын шөп, мыңжапырақ, герань, бөрне, шалшық, мордовник сияқты сирек кездесетін түрлер бар. Мұнда борсық, қоян, сілеусін, аю, түлкі, марал, минмин, күзен, елік, суыр, қасқыр, тиін, қабан мен қоян мекендейді. Туристер жабайы аңдарды жиі кездестіреді.

Өскемен жақтан шықсаңыз, алдымен Садыркөл кездеседі. Ары қарай Төртқала, Шалқар, Қоржынкөл, Қаракөл деп кете береді. Ең үлкені – Шалқар көлі, кішісі – Қаракөл.

 

https://egemen.kz/article/105513-sibe-kolderi-qazaqstan-turizmin-damytugha-ules-qosady

https://kazakhstan.travel/kk/tourist-spot/271/sibin-lakes

https://kaz.tengritravel.kz/my-country/bes-su-tolyi-tostagan-jane-shyindagyi-su-koyma-nelkten-322915/

Шілікті қорымы

Шілікті жазығы – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы маңында орналасқан. 80 шақырымға созылған жазықты Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр-Сайқан, Жүрек таулары қоршап жатыр. Бұл шынымен патша алқабы, мұнда 200-ден астам қатар-қатар үлкен қорғандар орналасқан. Табиғаттың үйлесімді әсерімен және адамның ғасырлар бойы жасаған жұмысы нәтижесінде пайда болған тарихи-мәдени ландшафт аймақтың басты құндылығы болып саналады.

1960 жылы археолог С.Черников №5 қорғанды қазып ашқан. Оның ішінен 524 алтын зат табылған. «Ұшып келе жатқан бұғы» түріндегі қапсырмалар, бүркіт, балық, қабан бейнелері қалай шебер жасалғаны таң қалдырады. Шіліктіден табылған бұғылар кескіні көркемдігімен, эстетикалық керім сипатымен көз тартады.

Шілікті мұрасын ары қарай ашуды қазақстандық археолог Әбдеш Төлеубаев жалғастырған. Ол 2003 жылы көлемді және орналасуы ерекше №1 қорғанды қазып ашқан кезде көптеген заттар табылды. Биіктігі 8 метр үйме астынан балқарағай бөренелерінен салынған қабыр табылды. Сол кезде қорғанның тоналғаны, зират бұзылғаны расталды. Антропологтар табылған адамның бас сүйегін зерттеп, патша тұлғасының сырт келбетін бұрынғы қалпына келтірді. 4333 алтын бұйым табылды, олар: барыс, бүркіт, бұғы, бөлтірік, арқар түріндегі қапсырмалар.

Шілікті туризмді дамытуға өте қолайлы жер. Қаңтар айының өзінде ауа-райы жып-жылы болып тұрады. Далада осы қазір мен киіп отырған жұқа киіммен жүре беруге болады. Ашық музей болса қираған қорымдар қараусыз қалмас еді. Тіпті жан-жақтан туристер келуші еді. Ол жерде екі жүзден астам сақ қорымдары бар. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. Негізі екі мыңға жуық қорым бар екен, бірақ сан жылдар бойы қаншама егін егіліп, шөп шабылды. Қаншама мал жайылып, қорымдарды жермен жексен етті.

2016 жылы бұл ескерткіш облыс әкімдігінің жобасына еніп, қазба жұмыстары №16 қорғанда жалғасты. Қорғанда тоналған балқарағай мазары табылған. Оның әртүрлі бөлікттерінде табақ алтыннан жасалған екі мыңнан астам әшекей табылған. Аңдық стильде жасалған әшекейлер көп кездескен.

Сақтар басқарушысы маңызды меркелер кезінде алтын қапсырмалармен безендірілген киім киген. Ғалымдар бұл мерекелік костюмді қалпына келтірген. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі бірегей «Алтын адам».

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 5 алтын адам табылған.

https://barinbil.kz/gylymi-jobalar/e-zdik-ylymi-zhoba-shy-ys-aza-stanny-zheti-keremeti/

Марқакөл көлі

Марқакөл көлі-Қазақстандағы ең әдемі көлдердің бірі. Ол теңіз деңгейінен 1447 м биіктікте орналасқан. Көлдің айналасындағы табиғат бір қарағанда таң қалдырады. Ол тығыз ормандармен қоршалған, өйткені көл таулы аймақта орналасқан, содан кейін көлдің жағалаулары ішінара тік беткейлермен кесіліп, кейбір жерлерде шалғындармен жабылған. Марқакөл көлі Күршім және Азутау жоталарымен қоршалған Марқакөл ойпатында орналасқан.

Көлдің өзі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай сопақша созылған. Көлдің ұзындығы-38 км, ені – 19 км, ауданы-455 шаршы км, тереңдігі-14 м. көлден Кальджир өзені ағып жатыр.

Жарқын күн сәулесінде Марқакөл көлі ашық көк немесе көк түске ие болады, ал ауа-райы өзгерген кезде, жаңбыр немесе қар жауған кезде көл сұр-қара немесе күміске айналады. Көлдің суы мөлдір және таза. Қыста көл қатып қалады. Мұздану қараша айының 20-сында басталады. Көлдегі мұздың қалыңдығы 60-120 см жетеді.

Көл және оған іргелес аумақтар 1976 жылы 4 тамызда қорық деп жарияланды. Қорықтың жалпы ауданы 71,3 мың га. 2007 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі қорық аумағын 102 979 мың га дейін кеңейтті.

Қорықты құрудың мақсаты Марқакөл көлінің маңындағы Алтай тауларының баурайындағы табиғатты, шалғындарды, тайгаларды және таулы ормандарды қорғау және сақтау болды. Көлдің өсімдіктер әлеміне өсімдіктердің 700-ден астам түрі кіреді. Қорықтың жануарлар әлемінде сүтқоректілердің 55-ке жуық түрі бар, олардың арасында бұлан, марал, қоңыр аю, қабан, қасқыр, қасқыр, бұлғын, күзен және Барыс бар.

Қорықтың су әлемі бірдей бай және алуан түрлі. Көлде ускуч, хариус, балшық және басқа да сирек кездесетін балық түрлері бар. Сондай-ақ, көлде құстардың көптеген сирек кездесетін түрлері бар: қара Лейлек, Фундук, кекілік, кеглик, кестрел және т.б. жануарлар мен құстардың осы сирек түрлерін сақтау үшін қорық ашылды.

https://stan.kz/zaysan-koli-turaly-tanymdyk-derekter/

Кнопка "Наверх" с иконкой