9 қараша 2026


«ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ОЛИМПИАДА: БОЛАШАҚ МАНСАПҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Педагогика жоғары мектебі «Professional Upgrading» мансап орталығымен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысы жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында «Психология» пәні бойынша өңірлік олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға «Биология» және «География» бейіндік пәндерін таңдаған 11-сынып оқушылары шақырылады.

Олимпиаданың мақсаты — мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, олардың шығармашылық әлеуеті мен психологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі практикалық психологияның маңыздылығын арттыру.

Өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 9–30 қараша аралығы.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

І кезең — сырттай (жазбаша).

Тіркелгеннен кейін қатысушыларға тапсырмалар электронды пошта арқылы жіберіледі. Жауаптар 2026 жылғы 12–16 қараша аралығында қабылданады.

ІІ кезең — онлайн.

Финалдық кезеңге бірінші турдың жеңімпаздары қатысады. Қорытынды кезең 2026 жылғы 30 қарашада өтеді.

Қатысу тәртібі

Өтінімдерді қабылдау және тіркеу: 2026 жылғы 9–11 қараша.

Өтінімдер белгіленген нысан бойынша электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта: Kaf_psy@bk.ru

Олимпиадаға қатысу — тегін.

Марапаттау:

Гран-при иегері, сондай-ақ І, ІІ және ІІІ орын жеңімпаздары дипломдармен марапатталады. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі. Сонымен қатар оқушыларды олимпиадаға дайындаған педагог-психологтар мен мұғалімдер үшін де сертификаттар қарастырылған.

Өткізілетін тілдері: қазақ және орыс тілдері.

Байланыс телефондары:

8 705 239 79 75 — Юлия Евгеньевна;

8 777 148 83 60 — Қарақат Берікхановна;

8 777 857 82 98 — Құралай Тоқтарбековна.

Мектеп оқушыларын психология әлеміне қызықты саяхат жасауға, өз білімі мен қабілетін тексеруге және болашақ мамандығын таңдауда кезекті қадам жасауға шақырамыз!