9 маусым 2026


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ІРІКТЕЛГЕН СТУДЕНТТЕРМЕН РЕКТОР КЕЗДЕСТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген 2026–2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуден сәтті өткен студенттермен кездесті.

Кездесу барысында ректор білім алушыларды маңызды жетістіктерімен құттықтап, академиялық ұтқырлық бағдарламаларының кәсіби және тұлғалық дамудағы маңыздылығына тоқталды. Ол студенттерге шетелдік және отандық жоғары оқу орындарында білім алып, жаңа тәжірибе жинақтау арқылы университеттің және еліміздің абыройын жоғары деңгейде танытуға тілектестік білдірді.

Сондай-ақ кездесуде академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысудың артықшылықтары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, мәдени ортаға бейімделу мәселелері және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алдағы оқу сапарына қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Ректор жастардың білімге деген ұмтылысын жоғары бағалап, олардың алған тәжірибесі болашақта білікті маман болып қалыптасуына және халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстар орнатуына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу соңында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушыларға сәттілік тілеп, жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, университеттің беделін лайықты деңгейде танытатынына сенім білдірді.