29 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БАЛАЛАРҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында ынтымақтастық туралы меморандум аясында және «Ақ ниет» мектеп-интернатының 10 жылдығына орай, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы базасында өткен бұл мерекелік бағдарламаны психология және коррекциялық педагогика кафедрасының студенттері (Дефектология – 3 курс, Эргопедагогика – 3 курс, Арнайы педагогика – 1 курс) кафедра оқытушылары Килыбаева Г.К., Ахаева А.Ш., Канапиянова К.Д., Турымтаева Б.Е., Есимханова Д.М. жетекшілігімен дайындады.

Балаларға арналған бағдарлама мазмұнды әрі қызықты болды. Онда Қазақстан халқының ұлттық ойындары ойнатылып, түрлі этностардың салт-дәстүрлері таныстырылды. Сонымен қатар, билер, жұмбақтар мен көңілді интерактивті ойындар ұйымдастырылып, балаларға ерекше әсер сыйлады. Мерекелік кеш достыққа, шаттыққа және шынайы күлкіге толы болды.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастырып, бірлік, достық және өзара түсіністік құндылықтарын нығайтады.

Студенттер үшін бұл шараны ұйымдастыру үлкен тәжірибе алаңы болып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Олар өз қоржындарын тағы бір сәтті өткен ашық іс-шарамен толықтырды.Балалар мерекеден зор әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

КГУ «Ақ ниет» мектеп-интернатының педагогикалық ұжымына, директор Кривицкая С.К. бастаған, көпжылдық ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз.