17 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Аманжолов Ғабит Құмарғалиұлы қатысты.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Маман студенттер мен қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастырудың маңызын түсіндіріп, бұл бағыттағы заңнамалық талаптар мен тәжірибелік шаралар туралы ақпарат берді.

Шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан жан-жақты жауап алды.