16 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БІЛІМ БЕРУДЕ: ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ ДЕЙІНГІ ҚАДАМ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Сейтахметова Жанат Маратовна С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Білім беру кеңістігінде жасанды интеллект технологияларын интеграциялау: теория, тәжірибе және болашақ трендтер» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты.

Ғылыми іс-шара аясында Жанат Маратовна «Студенттердің ЖИ-сауаттылығы және академиялық үлгерімі: регрессиялық және құрылымдық модельдеу негізіндегі сандық талдау» тақырыбында баяндама жасады. Зерттеу жұмысында білім алушылардың цифрлық және жасанды интеллект саласындағы құзыреттіліктерінің олардың оқу жетістіктеріне ықпалы заманауи сандық әдістер арқылы жан-жақты талданды. Баяндама мазмұны ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, өзекті пікірталас алаңына айналды.

Семинарға қатысу ғылыми тәжірибе алмасуға, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізудің маңызды аспектілерін талқылауға, сондай-ақ осы бағыттағы болашақ зерттеулердің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Аталған іс-шара отандық және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтып, білім беру жүйесін цифрландырудағы жаңа тәсілдерді дамытуға серпін берді.