17 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

Бүгін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, заң ғылымдарының кандидаттары Ж.Е. Садыканова мен Г.Т. Байркенова білім алушыларға арналған ашық дәріс өткізді. Дәріс 2026 жылғы 15 наурызда халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын түсіндіруге арналды.

Ашық дәрістің мақсаты – жаңа Конституцияның негізгі ережелерін кеңінен насихаттау, олардың мазмұнын түсіндіру және білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру.

Іс-шара барысында жаңа Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуы үшін маңызды қағидаттары жан-жақты талқыланды. Студенттер құқықтық өзгерістер мен жаңартылған конституциялық нормалар бойынша толық ақпарат алды.

Аталған дәріс университет жастарының құқықтық білімін тереңдетуге және азаматтық-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.