24 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МУЗЕЙ-ҚОРЫҚПЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

24 сәуір күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Тарих» және «Туризм» білім беру бағдарламаларының студенттері мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының өкілдері арасында онлайн кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттерге жазғы кезеңде экскурсия жүргізуші (гид) қызметіне уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Музей-қорық өкілдері жұмыс шарттары, жұмыс кестесі, міндеттері, сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін қажетті құжаттар тізімімен жан-жақты таныстырды.

Жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан студенттер үшін 4 мамырдан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Professional Upgrading» мансап орталығында (№1 оқу ғимараты, 209-кабинет) құжаттар қабылдау басталады.

Қажетті құжаттар: жеке куәлік, оқу орнынан анықтама, 075/у нысанындағы медициналық анықтама, 2 фотосурет, соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, наркологиялық диспансерден анықтама, психоневрологиялық диспансерден анықтама.

Осындай кездесулер студенттердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейтуге, практикалық тәжірибе жинақтауға және тарих, туризм мен экскурсиялық қызмет саласында кәсіби дамуына ықпал етеді.