14 мамыр 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ХИМИЯ ПӘНІ МАЗМҰНЫНЫҢ ПРАКТИКАМЕН САБАҚТАСТЫҒЫНДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілген  Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында 2026 жылдың сәуір, мамыр айында мектеп мұғалімдеріне арналған «Химия пәні мазмұнының практикамен сабақтастығында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Курстың мақсаты: оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру үшін «Химия» пәні мазмұнының практикамен сабақтастығы мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Негізгі міндеттері:

1)      Химия пәні теориялық мазмұнының практикамен сабақтастыра оқытудың ұйымдастырушылық-мазмұндық негіздері мен әдістемесін білу;

2)      тұлғалық-бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдерді қолдана отырып білім беру ортасын жобалау;

3)      оқу мен оқыту тәжірибесінде IT-технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін қолдану.

Күтілетін нәтиже:

1)      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген Орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттарын білетіндігін көрсетеді;

2)      білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында “Химия” пәні мазмұнының практикамен сабақтастығының ерекшеліктерін білуді көрсетеді;

3)      тыңдаушы кәсіби әрекет бағдарларын өз бетінше анықтап, дербес іс-қимыл жасаудың жоғары деңгейіне жетеді; әлеуметтік белсенділікке ие болады; кәсіби тұрғыдан өз еңбегінің нәтижелеріне жауапкершілікпен қарайды;

4)      оқу және оқыту практикасында IT-технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалану әдістемелерін меңгереді.

Курсты Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің химия кафедрасының сениор-лекторы Оразова Сан Советбековна жүргізеді.