15 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Ғылым айы – 2026» аясында «Антропогендік жүктеме мен аумақтардың тұрақтылығын мониторингілеу» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — биология кафедрасы.

Семинардың негізгі мақсаты — өзекті экологиялық мәселелерді талқылау және осы бағытта ғылыми пікір алмасуға жағдай жасау болды. Кездесу барысында оқытушылар, магистранттар мен студенттер бір алаңға жиналып, биомониторингтің заманауи әдістері, сондай-ақ экожүйелердің тұрақтылығын сақтау жолдары бойынша өз баяндамаларын ұсынды.

Ғылыми семинар әртүрлі буын өкілдері — тәжірибелі ғалымдар мен жас зерттеушілер арасында тиімді тәжірибе алмасу алаңына айналды. Қатысушылар экологиялық зерттеулердің өзекті бағыттарын талқылап, ғылыми ізденістерін ортаға салды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға ғылымның дамуына қосқан үлестері үшін салтанатты түрде сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.