17 қыркүйек 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ START-UP ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде студенттердің ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдауға және дамытуға бағытталған ғылыми Start-Up жобалар байқауы жарияланды.

Байқауға бакалавриаттың 1–3 курс студенттері қатыса алады.

Қатысу үшін өтінімді толтырып, оны Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөліміне naukavkgu@mail.ru электрондық поштасы арқылы жіберу қажет.

Өтінім нысаны Instagram желісіндегі @nauka_amanzholov_university парақшасының профилінде көрсетілген сілтеме бойынша орналастырылған.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2026 жылғы 30 қазанға дейін.

Өтінімдер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Өтінім үлгісін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты кафедра мамандарынан да алуға болады.

БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ

Финалдық кезеңге өткен қатысушылар жобаның презентациясын PowerPoint немесе Canva форматында дайындауы қажет. Презентация көлемі 15 слайдтан аспауы тиіс.

Презентацияда мына ақпараттар қамтылуы қажет:

  1. Жобаның атауы;
  2. Жобаның ғылыми жаңалығы мен бірегейлігі;
  3. Практикалық жаңалығы және өндіріске енгізу мүмкіндігі;
  4. Қажетті қаржыландыру көлемі;
  5. Жобаның бәсекелестік артықшылықтары;
  6. Жобаны іске асыру тетігі;
  7. Өзін-өзі ақтау мерзімі және рентабельділігі.

ЖОБАЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Жобалар мынадай критерийлер бойынша бағаланады: ғылыми жаңалығы, технологиялық ерекшеліктері мен бірегейлігі, практикалық маңыздылығы, рентабельділігі, күтілетін әлеуметтік әсері және презентация сапасы.

Байқау қорытындысы бойынша финалдық кезеңде ең көп балл жинаған ғылыми жобалар жеңімпаз атанады.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімі

Тел.: 8 (7232) 241-328

Қосымша ақпарат: +7 705 717 44 03

E-mail: naukavkgu@mail.ru