16 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ HARVARD BUSINESS IMPACT БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЕНГІЗУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Harvard Business Impact халықаралық білім беру платформасының мүмкіндіктеріне арналған  онлайн кездесу өтті.

Іс-шара барысында Harvard Business School-дың корпоративтік оқыту бағытындағы Harvard Business Impact ұсынатын заманауи басқару және көшбасшылық дағдыларын дамыту бағдарламалары таныстырылды. Қатысушылар Harvard ManageMentor және HBR Spark платформаларының функционалы, білім беру мазмұны, жасанды интеллект негізіндегі оқыту құралдары және оларды жоғары оқу орындарында қолдану тәжірибесімен танысты.

Кездесуде университет қызметкерлері мен оқытушыларының басқарушылық құзыреттерін дамыту, цифрлық трансформация жағдайында көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізу мәселелері талқыланды.

Тараптар жоғары білім беру саласындағы заманауи трендтерді, кадрлық әлеуетті дамыту бағыттарын және халықаралық білім беру шешімдерін пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.