24 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ ҒЫЛЫМИ ДИАЛОГТА: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

«Көмек көрсетуші мамандықтардың теориясы мен практикасы: тұлғаның дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында жас зерттеушілердің II Республикалық сырттай ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияны психология және түзету педагогикасы кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара жыл сайын өткізіледі және білім алушылар мен жас мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған. Конференцияның мақсаты — тұлғаның дамуын, оқытылуын, тәрбиеленуін және әлеуметтенуін сүйемелдеумен байланысты көмек көрсетуші мамандықтардың теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған ғылыми-практикалық алаң қалыптастыру.

Конференция жұмысына студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен практик-мамандар қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелік жұмыс қорытындыларын ұсынды. Конференцияны өткізу білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және психология мен педагогика саласында зерттеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.