22 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЛЕКТОРЛАР ҚҰРАМЫНА ЕНДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары «Әділет» партиясының Саяси менеджмент академиясында өткен төрт күндік біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтады.

Оқу барысында қатысушылар бағдарламаның барлық модульдерін меңгеріп, қорытынды тестілеуден өтті және Академияның сарапшылар кеңесі алдында жобалық жұмыстарын сәтті қорғады. Нәтижесінде делегация мүшелеріне басшылар мен кадрлық резерв өкілдерінің функционалдық құзыреттерін дамыту бағдарламасын игергенін растайтын сертификаттар табысталды.

Сертификаттарды табыстау рәсімін модульдік бағдарламаның жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тамара Босымбекқызы Дүйсенова өткізді.

Бағдарлама қорытындысы бойынша кәсіби құзыреттері жоғары бағаланған университет оқытушылары Динара Самарқанқызы Мамырбекова, Ержан Бағданұлы Домалатов, Жанат Маратқызы Сейтахметова және Қымбат Дәутбекқызы Қанапиянова «Әділет» партиясы Саяси менеджмент академиясының лекторлар пулына енгізілді.

2026 жылдың шілде айынан бастап олар облыс әкімдері мен облыстық мәслихат депутаттарына арналған оқыту бағдарламаларын жүргізіп, мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға өз үлестерін қосатын болады.

Бағдарламаны табысты аяқтау және Академияның лекторлар құрамына ену – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейінің айқын көрінісі. Бұл университеттің елдегі көшбасшылықты, басқарушылық құзыреттерді және қоғамдық-саяси мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып отырғанын тағы бір мәрте дәлелдейді.