20 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттері тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағыты бойынша өткен XVIII республикалық пәндік олимпиадада университет намысын қорғаған білімгерлер жоғары нәтиже көрсетіп, үздік үштікке енді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 13 жоғары оқу орны қатысқан бұл білім додасы студенттердің кәсіби дайындығы мен заманауи құзыреттерін айқындайтын маңызды алаңға айналды. Қатысушылар теориялық біліммен қатар, тәжірибелік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және инновациялық көзқарастарын таныстырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Alem-ai» командасы жүлделі III орынды иеленіп, «EDTECH: PRESCHOOL DIGITAL LEARNING ENVIRONMENT» номинациясымен марапатталды. Аталған номинация цифрлық технологияларды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне тиімді енгізу бағытындағы тың идеялар мен жобаларды жоғары бағалауға бағытталған.

Бұл жетістік – болашақ тәрбиешілердің цифрлық білім беру ортасын терең меңгеріп қана қоймай, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби қызметте тиімді қолдана алатынын көрсетеді. Сонымен қатар, ол студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, заманауи білім беру талаптарына толық жауап бере алатын маман болып қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді.