11 қыркүйек 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА ТАНЫТТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлегі, «Қазақстан аруы – 2024» атағының иегері Бағым Балтабаева Қазақстанның атынан «Әлем аруы – 2026» халықаралық байқауына қатысты.

Әлемнің әр түкпірінен келген арулар бас қосқан беделді халықаралық байқауға қатысу Бағым Балтабаева үшін кәсіби және тұлғалық даму жолындағы маңызды кезең болды. Ол халықаралық аренада Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін, сондай-ақ еліміздің заманауи келбетін таныстырды.

Бағымның кәсіби қалыптасуында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде алған білімінің орны ерекше. Университет қабырғасында ол педагогикалық білім мен кәсіби құзыреттерді меңгеріп қана қоймай, коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, өзіне деген сенімін арттырды, жауапкершілік пен аудиториямен жұмыс істеу қабілетін қалыптастырды.

Бұл жолда университет оқытушылары мен студенттік ортаның да өзіндік үлесі бар. Университетте алған білімі мен жинақтаған тәжірибесі Бағымның одан әрі дамуына берік негіз болып, халықаралық аренаға шығуына мүмкіндік берді.

Бүгінде Бағым Балтабаева кәсіби және шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, Қазақстанды ірі халықаралық алаңдарда танытып келеді. Оның «Әлем аруы – 2026» байқауына қатысуы – кәсіби жолындағы тағы бір маңызды жетістік әрі туған университеті үшін зор мақтаныш.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы өз түлегінің жетістіктерін мақтан тұтады. Университет ұжымы Бағым Балтабаеваға жаңа жеңістер, жарқын жобалар, кәсіби табыстар және халықаралық аренада биік белестерді бағындыруды тілейді.