4 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ БОЛГАРИЯНЫҢ ВАРНА ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде университет Болгарияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Варна техникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – жоғары білім беру, ғылым және инновация салаларындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту, академиялық байланыстарды нығайту және халықаралық білім беру жобаларын бірлесіп жүзеге асыру.

Ынтымақтастық аясында тараптар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндіктерін қарастыруға ниетті.

Варна техникалық университеті Болгариядағы техникалық білім беру мен инженерлік зерттеулер саласында жетекші орын алатын жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Университет халықаралық ғылыми жобаларға белсенді қатысып, Еуропаның көптеген білім беру және ғылыми ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан.

Аталған меморандум Аманжолов университеті үшін халықаралық әріптестік географиясын кеңейтуге, білім беру сапасын арттыруға және студенттер мен оқытушыларға жаңа академиялық мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Келісім екі университет арасындағы ұзақ мерзімді әрі нәтижелі ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырып, халықаралық білім беру және ғылыми кеңістіктегі өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.