17 маусым 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН БЕЙЖІҢ ШЕТ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялану және жаһандық әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде университет Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Beijing Foreign Studies University-мен (Бейжің шет тілдері университеті) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Beijing Foreign Studies University(Бейжің шет тілдері университеті)- Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласының Хайдянь ауданында орналасқан мемлекеттік университет. Ол Қытай Білім министрлігінің қарамағында жұмыс істейді және елдегі шет тілдері мен халықаралық зерттеулер саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Университет Қытайдың «211» жобасына және «Double First-Class» (әлемдік деңгейдегі университеттер мен пәндерді дамыту) бағдарламасына кіреді.

Меморандумның негізгі мақсаты — жоғары білім, ғылым және халықаралық коммуникация салаларында өзара тиімді серіктестікті дамыту, академиялық байланыстарды нығайту және бірлескен білім беру жобаларын іске асыру.

Университет халықаралық ғылыми-білім беру жобаларына белсенді қатысып, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстарын кеңейтіп келеді.