14 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН «ESBOL QORY» ҚОРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жастар арасында құқық бұзушылықтардың және есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қоры (Esbol Qory) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтар мен есірткі қылмыстарының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ бірлескен профилактикалық, әлеуметтік және IT-жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Ынтымақтастық аясында тараптар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізуге ниетті.

Аталған келісім екі тараптың жастар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету бағытындағы өзара әріптестігін нығайтуға мүмкіндік береді.