27 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ БҮКІЛӘЛЕМДІК ЖЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ «QUIZ» ОЙЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 кітапхана-бөлімшесіндегі «Жасыл үй» экологиялық орталығында Бүкіләлемдік Жер күніне арналған «Бір планета – 100 сұрақ» атты интеллектуалды «QUIZ» ойыны өтті.

Аталған танымдық іс-шараға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Жасыл толқын» ғылыми эко-клубының белсенді мүшелері – 6В05202 «Экология» және 6В05203 «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық бағыттағы сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл олардың экологиялық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетті.

Ойынды бағалау және әділ қазылық ету жұмыстарына экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Жазнаева Жанат Қадырбековна және лектор Дәукенова Бибигуль Серікқызы қатысты.

Мұндай мазмұнды іс-шаралар студент жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға және табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға маңызды үлес қосады.