27 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану жоғары мектебі, Экология және география кафедрасы және «Байтақ» жасылдар партиясының ШҚО филиалы бірлесіп, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Шара Желтоқсаншылар алауы ескерткіші алаңында өтті.

Аталған сенбіліктің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, сондай-ақ жастардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру.

Іс-шараға 6В05202 – «Экология» және 6В05203 – «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері белсенді қатысып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Мұндай экологиялық бастамалар студент жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және тұрақты даму идеяларын насихаттауға ықпал етеді.