27 сәуір 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Аманжолов университетінің студенті Жігер Сарсенбаев «Заң мен тәртіп – азаматтық жауапкершілік» қағидаты аясында өткен республикалық пікірсайыс турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Бұл жетістік – тек жеке табыс қана емес, сонымен қатар Аманжолов университетіндегі пікірсайыс мәдениетінің жүйелі түрде дамып келе жатқанын және студенттердің сыни ойлау, дәлелдеу мәдениеті мен шешендік қабілетінің жоғары деңгейде қалыптасқанын көрсетеді.

Аманжолов университеті республика көлемінде пікірсайыс қозғалысын дамытуда алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі ретінде танылып келеді. Университет қабырғасында студенттердің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, ашық пікір айту мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық ұстанымын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай қолдаудың нәтижесінде студенттер түрлі деңгейдегі республикалық және халықаралық турнирлерде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Жігер Сарсенбаевтың бұл жеңісі – университеттің білім беру мен тәрбие бағытындағы жүйелі жұмысының, сондай-ақ жастардың белсенді азаматтық позициясының айқын дәлелі.