2 мамыр 2026


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІНДЕ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

2–3 мамыр күндері Аманжолов университеті Әзербайжанның Баку қаласында өткен «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты. Аталған іс-шара Қазақстанның 20-дан астам жетекші жоғары оқу орнын біріктіріп, шетелдік талапкерлерге білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға бағытталды.

Көрмеге қатысу – университет үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен қазақстандық жоғары білімді шетелде насихаттаудың маңызды қадамы. Аманжолов университетінің өкілдері келушілерге оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, сондай-ақ гранттар мен жеңілдіктер туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Бұл көрме тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және талантты жастарды тартуға тиімді алаң болды. Университет өз кезегінде мамандар даярлаудағы жоғары сапасын көрсетіп, халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мамандардың пікірінше, мұндай ауқымды шараларға қатысу университеттің студенттер географиясын кеңейтіп, оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға зор ықпал етеді.