21 шілде 2026


АМЕРХАН РАХЫМЖАНОВ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Амерхан Рахымжанов университеттің қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында ол талапкерлерге қызмет көрсету үдерісін, құжаттарды қабылдау тәртібін, кеңес беру жұмыстарын және цифрлық сервистердің қолданылуын бақылап, қабылдау науқанының ұйымдастырылуына оң бағасын берді.

Қабылдау комиссиясының мамандары талапкерлерге білім беру бағдарламалары, мемлекеттік және жергілікті гранттарға құжат тапсыру, сондай-ақ ақылы бөлімге қабылдау тәртібі бойынша жан-жақты ақпарат беріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға, құжаттарды жедел қабылдауға және әрбір өтініш иесіне сапалы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінген.

Амерхан Рахымжанов қабылдау науқанының ашықтық, әділдік және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуінің маңыздылығына тоқталып, комиссия жұмысына жауапты қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 2026–2027 оқу жылына құжат қабылдау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда. Мемлекеттік және ақылы негізде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.