30 сәуір 2026


АСУБУЛАК ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАЛАРЫ АЯСЫНДА ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты «Асубұлақ орта мектебі» КММ-де жоғары оқу орындарының әскери дайындық кафедралары аясындағы дәстүрлі кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жыл сайын өткізіліп келе жатқан игі дәстүрге айналып, оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Кездесуге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тәжірибелі оқытушылары мен студенттері қатысты. Олар өздерінің білім және тәжірибелерімен бөлісіп, әскери дайындықтың қоғамдағы маңызы жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Шара барысында оқушыларға әскери дайындықтың мәні мен маңызы түсіндіріліп, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған кеңестер берілді.

Қонақтар нақты өмірлік мысалдар келтіре отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бұл олардың болашаққа деген сенімін нығайта түсті.

Аталған іс-шара жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыруға және саналы кәсіби таңдау жасауына ықпал еткен маңызды қадам болды.