21 сәуір 2026


БОЛАШАҚ ХИМИКТЕР МЕН САРАПШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ


2026 жылғы 19 қаңтар мен 10 сәуір аралығында 6В05302 «Химия және наноматериалдар» және 6В05304 «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтті.

Іс-тәжірибе барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, заманауи зертханалық әдістермен жұмыс істеп, химиялық және криминалистикалық талдау жүргізудің ерекшеліктерін меңгерді.

Өндірістік іс-тәжірибе келесі мекемелер базасында ұйымдастырылды:
– ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК;
– «Орталық аналитикалық зертхана Alex Lab» ЖШС;
– «Қазстандарт» Шығыс Қазақстан филиалы;
– ШҚО Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы.

Студенттердің іс-тәжірибесіне жетекшілік еткен оқытушылар – Саньязова Шынар Қадылбековна және Сағдоллина Назерке Рашидқызы.

Университет ұжымы тәжірибе жетекшілеріне білім алушылардың кәсіби дамуына қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.