18 қыркүйек 2026


БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, университеттің 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру қызметін жоспарлау» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шараны Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі ұйымдастырып, семинар офлайн форматта өткізілді.

Семинарда Академиялық саясат және білім беру үдерісін басқару департаментінің директоры Ержан Бағданұлы Домалатов баяндама жасады. Кездесу кезінде білім беру қызметін ұйымдастыруды реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер қарастырылып, білім алушыларды оқытуға қатысты және нормативтік тұрғыдан талдауды қажет ететін практикалық жағдайлар талқыланды.

Сондай-ақ Amanzholov University-дің стратегиялық даму бағыттарына ерекше назарда. Олардың қатарында интернационалдандыру, инновациялық, әлеуметтік және цифрлық экожүйелерді дамыту, академиялық ұтқырлық пен серіктестікті кеңейту, ғылым мен инновацияны дамыту, цифрландыру және IT-инфрақұрылымды нығайту, сондай-ақ басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыттары бар.

Білім беру қызметін жылдық жоспарлау университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталып, оның басым даму бағыттарын ескеруі қажет екені атап өтілді.

Семинар барысында оқытушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білім беру қызметінде нормативтік талаптарды қолдану тәртібі бойынша қажетті түсіндірмелер алды.