1 қыркүйек 2026


БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Құрметті студенттер, ата-аналар, профессорлық-оқытушылық құрам және ұстаздар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім мен ғылым – қоғамның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырып, елдің тұрақты дамуына негіз болатын басты құндылықтардың бірі. Университет – білім мен ғылыми ізденіс тоғысатын, жаңа идеялар қалыптасып, кәсіби мамандар даярланатын маңызды орта.

Жаңа оқу жылы студенттеріміз үшін сапалы білім алуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және кәсіби әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашсын. Профессорлық-оқытушылық құрам мен ұстаздардың еңбегі жоғары нәтижелерге ұласып, білім беру мен ғылым саласындағы жетістіктеріміз еселене берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық және ғылыми ізденісте табыс, жаңа бастамаларға сәттілік тілейміз!

Жаңа оқу жылы жемісті еңбекке, тың идеяларға және жарқын жетістіктерге толы болсын!

Университет ұжымы!