7 қыркүйек 2026


ГҮЛЖАН ЖАРАСОВА: БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ – НАЗАРДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова №1 оқу ғимаратын толық аралап, барлық оқу аудиториялары мен кабинеттердің жұмысымен танысты.

Аралау барысында оқу аудиторияларының жай-күйі, білім алушылар мен оқытушыларға жасалған жағдай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оқу кеңістіктерінің ұйымдастырылуы назарға алынды.

Университет басшысы оқу ғимаратындағы күнделікті жұмыс барысын көріп, білім беру үдерісін ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелермен танысты. Әрбір аудиторияның оқу үдерісіндегі қолданысы, қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуі және жұмыс кеңістіктерінің тиімділігі қарастырылды.

Сонымен қатар жауапты қызметкерлермен оқу ғимаратындағы жұмыс барысы талқыланып, білім беру ортасын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды.

Гүлжан Жарасова білім алушылар үшін сапалы білім алуға қолайлы жағдай қалыптастырудың, оқытушылардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің және оқу инфрақұрылымын жүйелі түрде жетілдірудің маңыздылығына назар аударды.

Аралау қорытындысы бойынша оқу ғимаратының жұмысын жетілдіруге, анықталған мәселелерді ретке келтіруге және білім алушылар мен оқытушыларға жасалған жағдайларды одан әрі жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берілді.