10 қыркүйек 2026


ГҮЛЖАН ЖАРАСОВА №9 ОҚУ ҒИМАРАТЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлжан Жарасова №9 оқу ғимаратына барып, мұнда жүзеге асырылып жатқан білім беру үдерісімен және мамандар даярлау бағыттарымен танысты.

№9 оқу ғимаратында гуманитарлық, құқықтық, бизнес және экономикалық бағыттар бойынша мамандар даярланады. Ректор оқу аудиторияларының жағдайын, білім алушыларға жасалған мүмкіндіктерді және оқу үдерісінің ұйымдастырылуын көріп, аталған бағыттардың қазіргі талаптарға сай дамуы жөніндегі мәселелерді қарастырды.

Бүгінде бұл салалар бойынша мамандарға қойылатын талаптар өзгеріп келеді. Жоғары білім беру жүйесі кәсіби біліммен қатар, сыни ойлау, коммуникативтік дағдылар, жауапкершілік және өзгермелі ортаға бейімделу қабілеттерін қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Кездесу кезінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің білім беру мен еңбек нарығына ықпалы да сөз болды. Заманауи технологиялардың қарқынды дамуы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салаларға да жаңа талаптар қойып, технологияларды тиімді пайдалана алатын, кәсіби этика мен адамзаттық құндылықтарды сақтайтын мамандар даярлаудың маңызын арттырып отыр.

Ректор әріптестерімен бірге білім беру ортасын одан әрі жетілдіру, оқу бағдарламаларының мазмұнын заманауи талаптарға сәйкестендіру және мамандар даярлау сапасын арттыру бағыттарын талқылады.

Сапар қорытындысында білім беру үдерісін жетілдіруге және оқу ғимаратындағы жұмысты одан әрі дамытуға қатысты тиісті тапсырмалар берілді.