21 қыркүйек 2026


«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА ЛОГИКАСЫ»: ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Жаңа Конституция – мемлекеттің жаңа логикасы: билік, қоғам және әрқайсымыз үшін не өзгерді?» атты оқыту семинарына шақырады.

Семинар барысында жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне, қоғамға және азаматтарға ықпалы туралы өзекті мәселелер қарастырылады.

Өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 23 қыркүйек, сағат 15:00

Форматы: офлайн

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, 218-аудитория

Мекенжайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34

Мақсатты аудитория: университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы.

Спикер: Баиркенова Гульмира Толеубековна – заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.