10 желтоқсан 2024


ЖАҢА 2025 ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ШҚУ-ДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР

Құрметті әріптестер, сіздерді жаңа 2025 жылдың сиқырлы мерекесіне шақырамыз.

25 желтоқсан күні сағат 18:00-де Сәтбаев 88\2, “Неке сарайы”мейрамханасы мекенжайы бойынша корпоративтік кеш өтеді.

Сіздерді жаңа жылдық шығармашылық конкурстар, Аяз Ата мен Ақшақарды құттықтау, ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамның жарқын нөмірлері, музыкалық шоу-бағдарлама, отты конкурстар мен дәмді тағамдар күтеді.

Қызметкерлер мен ПОҚ балалары үшін “Изумруд қаласы. Жаңа шоу!”16-30 желтоқсан аралығында Юбилейный кинотеатрында. Ал 22-27 желтоқсан аралығында ШҚО драма театрында “Алтын балапан “Жаңа жылдық ертегісі” ертеңгіліктері өтеді. Билеттерді ШҚУ-дың кәсіподақ бөлімінен сатып алуға болады.

Сондай-ақ, қызметкерлер мен ПОҚ балаларын “Жаңа жылдық ғажайыптар” жаңа жылдық суреттер байқауы күтеді. 20 желтоқсанға дейін 4 пен 12 жас аралығындағы балалар тақырыптық суреттерді кәсіподақ бөліміне тапсыра алады.