21 тамыз 2026


КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРСҚА ҚАТЫСҚАН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАРАДЫ

21 тамыз күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 5-корпусындағы Абай залында профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған Конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Конкурсқа университеттің профессор-оқытушылар құрамы арасынан 80 үміткер қатысты.

Комиссия отырысы барысында әрбір кандидатура жеке қаралып, конкурс нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Комиссия мүшелері әр үміткерге қатысты университет Басқарма төрағасы – ректорына еңбек шартын жасасуды ұсыну немесе ұсынбау туралы шешім қабылдады.

Конкурстық комиссияның жұмысы профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін бағалауға және университеттің кадрлық әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталды.